Бұл бетте «Қарт жыраудың ғақлиясы» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.11.2020
0
0
1085
Көкiрегiңде мұңды ән бар,
О, қазағым, өз елiм.
Жырауыңның тыңдаңдар
Жалғыз ауыз ғазелiн.
Қолыңдағы дәулетiң,
Ол да бір күн көшедi.
Артыңдағы әулетiң
Басқаша күн кешедi.
Артық болар айбыны
Мейлi батыр, ез болсын.
Ең бір үлкен байлығы
Алдыменен жез болсын.
Мәнiн осы сөзiмнiң
Халқың болып ұғады,
Өз байлығың өзiңнiң
Даңқың болып шығады.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі