Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Арқаның ақ бораны

Бұл бетте «Арқаның ақ бораны» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1088
Айналама кеткендей асып әнiм,
Сол бiр сәтте кеудемде тасып ағын,
Жапалақтап ақ ұлпа түскен сайын
Ақ боранды көргенше асығамын.
Ақ борандар, әнекей, түтедi ме,
Жолда жүрсең алдыңнан күтедi не.
Астыңдағы арғымақ адасады,
Жауған қарлар жанарын бiтедi де.
Бiр құлайсың адасып, бiр тұрасың,
Бұрқырасын ақ боран, бұрқырасын!
Содан кейiн, ақ далам, сен өзiң ғой
Он алтыдағы арудай құлпырасың.
Қандай әсем асқар тау, қияқты қыр,
Қыран көрсе, тiлейдi тұяқ дүбiр.
Ақ бораннан кейiнгi әппақ дала
Жап-жаңа, қайта туған сияқты бiр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арқаның ақ бораны өлеңінің авторы кім?

Сайлаухан Нәкенов — осы өлеңнің авторы.

Арқаның ақ бораны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арқаның ақ бораны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайлаухан Нәкенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арқаның ақ бораны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері