Бұл бетте «Кеудемде бiр дыбыс бар» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.11.2020
0
0
851
Мен де бiр кiтаппын,
Шыққандай баспадан.
Мiнезiм жұмбақ ол,
Сыншылар ашпаған.
Шу асау қиялдар
Шығандап барады,
Алдымда жолым бар
Басқалар баспаған.
Толассыз ойым бар
Толғағы пiспеген.
Отым бар, шабытым
Нажағай үстеген.
Сырым бар
Басқалар бiлмеген,
Жазбаған,
Кеудемде дыбыс бар
Нотаға түспеген.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі