Өлең, жыр, ақындар

Жүгірейін

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 785
Мен өзiм де бiр кезде сенген едiм,
Ендi бүгiн жол таппай сенделемiн.
Айтарымды дұрыстап айта алмасам,
Көрiнуiм қиын-ау елге менiң.
Жете алмадым бір жолмен төтелеп те,
Кете алмадым сүрлеу сап, жекелеп те.
Өтiп жатыр тұсымнан тұлпар мiнген,
Өтiп жатыр бiрi есек жетелеп те.
Сақал шықты, жүргенде мұртқа налып,
Жүремiн бе осылай жұртта қалып.
Сарыарқаның самалын жұтайын да,
Жүгiрейiн суынан ұрттап алып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалауынан жүректің қайта алмадым...

  • 0
  • 0

Қалауынан жүректiң қайта алмадым,
Мен өзiңдей күн iздеп, ай таңдадым
Өлiп-өшiп сүйсем де, жан сезiмiн
Айта алмадым, қалқажан, айта алмадым.

Толық

Алыстаған сайын сен...

  • 0
  • 0

Жазсам-дағы көп өлең май тамызып,
Ән салсам да, арманды айтам үзіп.
Ерке сұлу, барасың есімді алып,
Тоқтап қалған дариямды қайта ағызып.

Толық

Қиындықты осы бастан жеңе бер...

  • 0
  • 0

Қиындықты осы бастан жеңе бер.
Қиындықсыз қыран да өмір кешпейді.
Жақсы болсаң сен егер,
Менiң де атым өшпейдi.

Толық