Жүгірейін
Бұл бетте «Жүгірейін» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен өзiм де бiр кезде сенген едiм,
Ендi бүгiн жол таппай сенделемiн.
Айтарымды дұрыстап айта алмасам,
Көрiнуiм қиын-ау елге менiң.
Жете алмадым бір жолмен төтелеп те,
Кете алмадым сүрлеу сап, жекелеп те.
Өтiп жатыр тұсымнан тұлпар мiнген,
Өтiп жатыр бiрi есек жетелеп те.
Сақал шықты, жүргенде мұртқа налып,
Жүремiн бе осылай жұртта қалып.
Сарыарқаның самалын жұтайын да,
Жүгiрейiн суынан ұрттап алып...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі