Алыстаған сайын сен – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Алыстаған сайын сен» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 953
Жазсам-дағы көп өлең май тамызып,
Ән салсам да, арманды айтам үзіп.
Ерке сұлу, барасың есімді алып,
Тоқтап қалған дариямды қайта ағызып.
Асау арман жүректі қылқындырып,
Қайғым тасып жүргенде, күлкім тұнып,
Ай туғандай есіктің қарсы алдынан
Қашан келер екенсің сілкіндіріп?!.
Құмарлықтан шықса да менің есім,
О, кермиық, сөйлеуге ерінесің.
Алыстаған сайын сен, ақ аруым,
Аққу болып кеткендей көрінесің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері