Бұл бетте «Әнші болсаң, шыдаңдар» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнші болсаң, шыдаңдар,
Айтылады бесiк жыр.
Небір сұлу сылаңдар
Шақырылған десiп жүр.
Талант бар ма тежелген,
Сөйлейдi онда шаңқобыз.
Той болған соң, ежелден
Тiгiледi сан тоғыз.
Шабан мiнген қор болар,
Қыз қуады жiгiттер
Жарысады жорғалар,
Үмiткер көп, үмiткер.
Жарасады жарқылдап
Жүйрiктердiң үстiне ер.
Жұрт қол соқса қарқылдап,
Күреседi күштiлер.
Ұзын сөздiң жүйесi –
Той бар дейдi далада.
Шаңырақтың иесi –
Жаңа туған балаға.
Жата алмаймын ендеше,
Жатқызбайды желiгiм.
Өмiр қайтып келмесе,
Халатыңды ал, келiнiм.
Кетем қазiр ауылға
Мен даланы сүйiп ем.
Шыдағанмен дауылға,
Қуанышқа иiлем.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі