Тағы аңсадым
Бұл бетте «Тағы аңсадым» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктем келiп, аспанда бұлт өргенде,
Қарай қалдық қол созып нұрлы ертеңге.
Алғаш рет құмартып қырға шықтық,
Қыз-бозбала жиылып гүл тергенде.
Өз қолыңмен бiр шоқ гүл берiп, құрбым,
Күнде-күнде қырларға елiктiрдiң.
Нұрым болып, сен менiң жырым болып,
Гүлмен бiрге құшаққа келiп кiрдiң.
Құшағына алғанда қос қанатым,
Балкыттың-ау кеудемнiң тас болатын.
Менiң балаң сезiмiм перiште едi,
Жалт қараған жанарға мас болатын.
Шалқып тұрды балбырап балаң шағым,
Өн бойымнан жүгiрдi алау-сағым.
Сен үйiңе кеткенде қарай-қарай,
Таң атқанша көруге тағы аңсадым.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі