Аядым – Әскерхан Ақтай

Бұл бетте «Аядым» атты Әскерхан Ақтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.11.2020
  • 0
  • 3
  • 1406
Құс қанатты терістіктен соғар леп,
Жылусыз ба, сая күн?.
Сүмбіленің салқынына солар деп,
Гүлдер сені аядым.
Тізбектелген керуен күн көшердей,
Саған құшақ жаямын.
Селдетіп бір басылатын нөсердей,
Сезім сені аядым.
Қыр жамылып қырық рең тылсыммен,
Қоңыр кештің бояуын.
Батар күнге қарап ұзақ күрсінген,
Қарияны аядым.
Бұл ғұмырда бір біріне сай деме,
«Шаңы шықпас жаяудың»,
Жабыменен қатар қосқан бәйгеге,
Арғымақты аядым.
Таудан аққан ақ өзендей тасымай,
Сырғып жатыр баяу күн.
Жарқ етіп бір осып өтер жасындай,
Жастығымды аядым.
Уақытты тоқтата алмас мың айлаң,
Салар жүзге қаяу-мұң.
Көркімді әжім торлайды деп мұңайған,
Сұлуларды аядым.
Іңір сазы: мына жалған бекер деп,
Жоқ-ау, сірә баяның.
Жалған дүние сенен-дағы өтер деп,
Жайсаңдарды аядым.


Пікірлер (3)

Көгершін

Керемет уау????

Көгершін

????

Динара????????

Негізі БОЛАДДД????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аядым өлеңінің авторы кім?

Әскерхан Ақтай — осы өлеңнің авторы.

Аядым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аядым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әскерхан Ақтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аядым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері