Өмірімнің бір сәті – Әскерхан Ақтай

Бұл бетте «Өмірімнің бір сәті» атты Әскерхан Ақтай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1173
Айда кейде көлге нұрын сеппейтін,
Болсадағы күлкің бал,
Мәңгі бақи есіңнен ег кетпейтін,
Өміріңде бір күн бар!

Көктем сазы құс үнімен тіл қатты,
Аққайыңдар сыр сақтар.
Өміріңде бәрінен де қымбатты,
Қайта оралмас бір сәт бар!

Құрлықтар мен мұңлықтардың арасын,
Құс қанатты жыр жалғар,
Кім жазады-ау жүрегіңнің жарасын,
Сені күткен бір жан бар!

Кең аспанның секілді бір тіреуі,
Тау жамылып таң нұрын.
Жымыңдаған сан жұлдыздың біреуі,
Бәлкім, сенің тағдырың!

Шыны ғұмыр сынса егер қалпына,
Келтіре алмас мың шебер.
Ғарыш жақтан сәуле тастап артына,
Жұлдыз тағдыр бір сөнер!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері