Әлеуметтік желіде – Оралбекова Дильназ Дауренқызы

Бұл бетте «Әлеуметтік желіде» атты Оралбекова Дильназ Дауренқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өткіземіз бар уақытты сол жерде,
Арнаймыз да бар жақсыны желіге.
Басымызда жаман жағдай болғанмен,
Көрсетпейміз әлеуметте ешкімге.

Лайк басамыз сол баяғы желіде,
Алмаса,беретіні де жоқ мүлде.
Минут-сағат өткендерін байқамай,
Отырамыз,болмағандай ештеме.

Пайдасы да бар ғой оның түсінем,
Қолдану да керек оны дегенмен.
Уақытымен,керегімен жаратсаң,
Әр нәрсенің өз орыны бар,расымен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері