Дұғасы менің анамның – Оралбекова Дильназ Дауренқызы

Бұл бетте «Дұғасы менің анамның» атты Оралбекова Дильназ Дауренқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Осы өмірге келуімнің,
Аман-сау боп жүруімнің.
Арқасы ненің білмеппін,
Анамның дұғасы екенін.

Бақытты қылып жүргізген,
Сақтаған мың бір қатерден.
Жолымды әркез ашты ғой,
Қиналған әрбір кездерден.

Қорғаған жұрттың сөзінен,
Кетпей шаттық жүзімнен ,
Жүруімнің арқасы,
Анамның шіркін дұғасы.

Бар шуағын арнаған,
Нұрын шашқан жан анам.
Осылай менің жүруім,
Тек өзіңнін арқаң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар