Әкешім — бәйтерегім! – Мәдениетқызы Ардақ

Бұл бетте «Әкешім — бәйтерегім!» атты Мәдениетқызы Ардақ жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Әке деген — қазынам, сай-терегім,
Әкешім — асқар тауым, бәйтерегім!
Әлемнің ең асылы өзің болсаң,
Әкесіз бұл өмірде қайтер едім?!

Әкешім әр сөзіңе бағынамын,
Әрқашан бір өзіңе табынамын.
Алысқа сапар шегіп кетер болсаң,
Жолыңды күтіп, әр кез сағынамын.

Жүзіңнен жарқырап нұр төгілетін,
Өзің басқан жерге гүл егілетін,
Не бір алыптардан да асып түсер,
Алғысым бір өзіңе берілетін.

Тілеймін бақытын бұл бар ғаламның,
Өзіңнің батаңменен мен жанармын.
Қараңғы түнектерге жарық беріп,
Сұлулығы боларсың кең даламның.

Келдік біз сені жалғап, қалау үшін,
Өмірдің әр тармағын тарау үшін.
Әкешім өзіңсің ғой бар байлығым,
Алладан кейінгі сен Жаратушым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкешім — бәйтерегім! өлеңінің авторы кім?

Мәдениетқызы Ардақ — осы өлеңнің авторы.

Әкешім — бәйтерегім! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкешім — бәйтерегім! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әкешім — бәйтерегім! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері