Бір сұлуға – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Бір сұлуға» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1414
Сұлу қылып жаратты сені тәңірім,
Сондықтан да балайды теңіне әркім.
Байқай ма жұрт, білмеймін, байқамай ма,
Мен байқасам, тұлғаңда бір-ақ бар мін.
Шар айнадан көркіңді күнде көріп,
Өз көркіңе боласың өзің жерік.
Әттеген-ай, айнасыз жалғыз болсаң,
Айна орнына болар ем өзім серік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері