Өлең, жыр, ақындар

Бұл дүниенің мысалы

  • 10.11.2015
  • 0
  • 4
  • 33679
Бұл дүниенің мысалы
Ұшып өткен құспен тең.
Өмірде көрген жақсылық
Ұйықтап өткен түспен тең.
Атадан мирас ақылың,
Түзік айтқан мақұлың
Ләзім болған іспен тең.
Үлкеннен көрген зорлығың,
Ойлап тұрсаң, бозбала,
Дұшпаннан көрген күшпен тең.
Ағайының көп болса,
Бірлігі оның бек болса,
Жамандық жер кез келсе,
Бір - біріне сеп болса,
Бүтін тұрған бұзылмай
Отыз екі тіспен тең.
Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жігіт баймен тең,
Шешен жігіт дүрмен тең,
Имансыз көңіл кірмен тең,
Ақылы жоқ надандар,
Іс бітірмес жамандар,
Жүз болса да бірмен тең.
Мектептен сабақ алсаңыз,
Алуан шекер балмен тең.
Саясы жоқ бәйтерек
Сазға біткен талмен тең.
Жаман туса балаңыз,
Бұғып өскен тазбен тең.
Қайғы ойлаған жігіттің
Кең дүниесі тармен тең.
Уайымшыл адамның
Алды тұйық жармен тең.
Жетесі жаман боз бала
Тоқмандағы шалмен тең.
Жақсының айтқан ақылы
Қазулы сара жолмен тең.
Жаманға айтқан ақылың
Ағып кеткен селмен тең.
Қас жаманның орны бар
Кесек те болса көрмен тең.
Жомарттық қылған жігіттің
Ықыласын байқасаң,
Толқып соққан көлмен тең.
Жақындап келген кәрілік
Жайып қойған тормен тең.
Жақсы қатын алсаңыз
Жақсылығын білдірер,
Ерін жөнге көндірер,
Анық осы, боз бала,
Жұмақтан шыққан хормен тең.
Алғаның жаман жолықса
Жамандығын білдірер,
Ер қадірін кетірер,
Оның өзі, боз бала,
Маңдайға біткен сормен тең.



Пікірлер (4)

макпал

Олендери магыналы екен

87756354125

күшті олең екен

Айнур

Осы оленнын идеялык мазмунын тусындырып жазып бере аласыздарма

Қарасай

Ойлы,құнды өлең,қазақи.

Пікір қалдырыңыз

Байды құдай атқаны

  • 0
  • 0

Байды құдай атқаны -
Дәулетіне мас болар.
Ханның құдай атқаны -
Қонсысымен қас болар.

Толық

Жігіттер, жаман сөзді кəсіп етпе

  • 0
  • 0

Жігіттер, жаман сөзді кəсіп етпе,
Құрбыңды өзің теңді басып өтпе.
Басыңа бір уақытта жұмыс түссе,
Шал Құлекеұлы

Толық

Түседі өлең десе қайғы-шерім

  • 0
  • 0

Түседі өлең десе қайғы-шерім,
Шығады айқайласам ащы терім.
Басылмас ауызымды ашқан, мен бір көрік,
Шал Құлекеұлы

Толық

Қарап көріңіз