Иесi қазақ – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Иесi қазақ» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 697
Иесi қазақ,
Киесi ғажап!
Даналардың данасы!
Адамы алтын,
Қадамы жарқын,
Түркiстанның қаласы.
Астанам едiң,
Асқақ ән едiң.
Сүйген түркi баласы
Аруағым сенсiң,
Байрағым сенсiң
Түркiстанның қаласы!
Қастерлi салты,
Ақ пейiл халқы–
Көзiмнiң ақ-қарасы!
Даңқымды көкке,
Көтерген Меккем –
Түркiстанның қаласы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері