Назды әуен әлдилеген бесігімнен – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Назды әуен әлдилеген бесігімнен» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1203
Назды әуен әлдилеген бесігімнен,
Сыбызғы жеткен сыңсып есігімнен.
Құлаққа мұң мен бақыт түгел дарып,
Уантар ғұмыр бойы қос уілмен.
Көрдім көп жақсылықты, жамандықты,
Жомарт жан қарсы ап мені, сараң бұқты.
Қатпаған бұғанама аямастан,
Бір тарих салды аударып тамам жүкті.
Сыбызғы ән әлдилеген бесігімде,
Ұштасты талмаурай кеп осы күнге.
Болдым жақ қайда жүрсем махаббатқа,
Күндеске болмай пұрсат өшігуге.
Өмір түз, түздің жолы тарау-тарау,
Тосады тоғысардан көңілі қарау.
Жүрегін жалау етіп өтеді ақын,
Жанады қызғалдақша жалғыз жалау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері