Қарындаш – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Қарындаш» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1138
Қандасқан жанды көп көрдім,
Сойылдасып сарт та сұрт.
Мекені болды кептсрдің
Бидайық шыққан қанды жұрт.
Дұшпанмен мен де сайыстым,
Сойылым болды қарындаш.
Салмақтан сұмдық майыстым,
Кеміді талай жарым жас.
Қолымда қалды қарындаш,
Жолдасым бұқса, жасқанса.
Бауырмал бейне қарындас,
Көңілінде ыстык жас қанша!
Кептерлі жұрттан жыр тыңдап,
Көктемше көңілің жаңарар.
Қалады қаның бұрқылдап,
Қорғасынға ыстық қаланар.
Мен риза саған, қарындаш!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері