Күйдім-жандым – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Күйдім-жандым» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 866
Күйдім-жандым,
Өлдім-талдым,
Естен тандым – махаббат.
Бал дәміңе,
Зәмзәміңе,
Шөлдеп келем – қаталап...
Бір оңаша қалдыршы,
Құмарымды қандыршы!
Жан еркіңмен,
Бал ерніңнен
Балқытып бір сүйдірші.
Гүл үніңмен,
Қылығыңмен,
Жалындатшы, күйдірші
Түсінсеңші, наз әнім,
Махаббаттың азабын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері