Тоқтап жүрек – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Тоқтап жүрек» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 778
Тоқтап жүрек, жұмылып көз,
Қашар қаны жанардың.
Болып ұмыт сәулелі кез,
Қараңғыда қалармын.
Тамып көздің ыстық жасы,
Жазықсыз гүл жұлынар.
Өлшеусіз дос ықыласы,
Зираттың тек шыңы бар.
Мұңлы күзде әлдилер жел
Сағынышпен шыдамды.
Шат көктемде лайсаң сел
Кетер шайып күнәмді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері