Құтаймас ыждаһаттан ерінгенге
Бұл бетте «Құтаймас ыждаһаттан ерінгенге» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құтаймас ыждаһаттан ерінгенге,
Қайрылар қайран өнер көрінгенге.
Қазақта он еркектің біреуі ақын,
Несібе сансыз жолдан терілгенге.
Кербездік қона бермес керілгенге,
Шыр жұқпас шұбар қағаз кеміргенге.
Жартастың жаңғырыққан жауабындай,
Үн шығар осы күні темірден де.
Хабардар әріңнен де, беріңнен де,
Қатпарлы ақын, сән қуған серіңнен де –
Мен бір жан көзіне айтар көңіл жықпай,
Аға мен ініге де, келінге де.
Атақтың аруағына еліргенге,
Қайықсыз балық тауып, семіргенге –
Аралсыз-ақ жал теңіз бермес өткел,
Тұңғиық түбі терең жерінгенге!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі