Бұл бетте «Асыққан алыстағы ақша таңға» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асыққан алыстағы ақша таңға,
Сал ақшам ат шалдырмас қақсасаң да.
Қондырып аққу-айды иығына,
Салады ымырттың ол тұйығына.
Айрылған үйірінен аққу сынды –
Сыңсиды әлде қайдан «Гәкку» мұңы.
Сәулемді сағынам мен жастықтағы,
Күндерде адастырған қақтықпалы.
Ұқсаған қарау түннің тіреуіне –
Қараймын көп жұлдыздың біреуіне.
Сәулемді көрмедің бе адастырған,
Өткінші уанышқа жанастырған?
Қайран қоңыр іңірім қондырмалы,
Күйдірмеді тәнімді, тоңдырмады.
Жерге айда табиғат ғашық қылған,
Зыр жүгіртіп тәулікті асықтырған.
Айға ұмтылған пендеге бақ дари ма,
Теңім менің қайда екен, ах, дариға?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі