Мыңжылқы – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Мыңжылқы» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1217
Тау заңғары жүріске жол бермейді,
Соқпақ жолы жыландай иреңдейді.
Жүрегі ауру қайтады әудем жерден,
Ел – кәнігі, қатерден именбейді.
Бірте-бірте соқпақ жол бұраңдаған,
Тау басына апарар тұманданған.
Шыңқа бөгіп жатады таудың үсті,
Рауандап, толықсыған атқанда таң.
Бөгде-бөтен жете алмас қайран Бессаз,
Шалғынға аунап бозбастар болады мәз.
Етігімді бояған көк майсасы,
Жайлаудың сол, дариға, дәурені аз!
Шатыр тіккен аралға серілердей,
Табиғатты сүйсең сен, сүйші мендей!
Бір көріп қал жайлауды өтер болсаң –
Екі кетіп, өмірге екі келмей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері