Мен шопанды сүйемін күн қақтаған – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Мен шопанды сүйемін күн қақтаған» атты Тәкен Әлімқұлов жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1025
Мен шопанды сүйемін күн қақтаған,
Айдалада адамға тіл қатпаған.
Көбік шашқан шампаның тең келместей,
Мас боласың бір зерең ащы ақтадан.
Боласың мас бір зерең ащы ақтадан,
Шайнамаға құрты бар күн қақтаған.
Аунап-қунап жатуға шаңырады,
Раңды өзек табиғат сырмақтаған.
Раңды өзек табиғат сырмақтаған,
Түлеп талай, ұрпаққа сыр сақтаған.
Сайып келсек, саяды табиғатқа,
Өмір бойғы тірлігің тырнақтаған.
Өмір бойғы тірлігің тырнақтаған,
Байыз таппас бейне адам сырғақтаған.
Асфаһани кілемнің керегі не,
Қойшы үйінен төселсе сырмақ саған!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері