Бұл бетте «Тағалы ат» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұяғыңды тағалап, шеге қаққан,
Кім болды екен сән үшін сені баққан?
Тұрдым қарап сыртыңнан сыншы көзбен,
Күймеңе мен отырмай қоңыраулатқан.
Немересі Абсенттің мақпал қара,
Сүріндің бе, неліктен тізең жара?
Айтуға арыз тілің жоқ, жануарым,
Мен емеспін бапкерің, нешік шара?!
Мен де сендей қаламмен тағаландым,
Сүйел байлап, саусақтан жараландым.
Балуан болсам күймеңді сүйретер ем,
Аяныштан басқа бар не амалым?!
Сен жегілсең құдды артист әр нәрсеге,
Мен де кейде жегілдім сәл нәрсеге.
Жорғаң барда күймеден құтылмайсың,
Бұйырмайды жорғаға есек дәме!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі