Бұл бетте «Мен сені мақтасам, мастанба» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сені мақтасам, мастанба,
Мен сені даттасам, жасқанба.
Өзіңдей болшы, өзгедей емес,
Өз сөзіңмен шертші кеңес!
Сен мұңды болсаң, мұңдасайын,
Сен сыршыл болсаң, сырласайын.
Өзімді емес, өзіңді ұғайын,
Озып кетші, сені өзім қуайын.
Қызғаныш мені білдірмей жеңсін,
Қаралы жар боп қойныма енсін.
Күнә емес қой қызғаныш сонша,
Қызғануға өзің тұратын болсаң!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі