Туған жұрт, менің жырым – баршаңызда
Бұл бетте «Туған жұрт, менің жырым – баршаңызда» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Туған жұрт, менің жырым – баршаңызда,
Ақ қайың, ал-қара көк аршаңызда.
Үйреткен табиғаттай кең болуды,
Атырау, ақ селеулі Арқаңызда.
Сұлудай көз алдында көлеңдеген,
Сыйқырлы дүние екен өлең деген.
Көңілдің жұлдызына талпынамын,
Тұрсам да миуа ағаштай төменде мен.
Туған жұрт, менің жырым – баршаңызда,
Ақ қайың, ал-қара көк аршаңызда.
Бір емес, мың өсімдік құлпырады,
Жаңбырдан құйып өткен сартамызда.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі