Ескерткіш – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Ескерткіш» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1231
Ойнайды бала топырақпен,
Апыл-тапыл басқанда.
Өтеді өмір шоқырақпен,
Кәріден де, жастан да.
Шоқырақ белгі соғады,
Қолынан әркім келгенше;
Үрлеп жел, белгі тозады,
Соғып кет белгі өлгенше.
Туады біреу, сен кетсең,
Екіге тәулік жарылар.
Ескерткіш соққан еңбекпен,
Түбінде жерден табылар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері