Тірімін бе – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Тірімін бе» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тірімін бе?
Өлімін бе?
Белгісіз...
Күндерім бар қол бұлғаған, келгісіз.
Бір-бір үміт жапырағын жұлуда
Әлі күнге кеудемдегі желді күз.
Мына үйлер сіміруде жас, мұңды,
Адамдары темірге ұқсас, тас сынды.
Шеше, сені жылатқан талай бұл қала,
Мына менің мұңымды да азсынды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері