Түгесілмей жүрсін десең татар бақ – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Түгесілмей жүрсін десең татар бақ» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Түгесілмей жүрсін десең татар бақ,
Демалып қайт шетелдерге сапарлап.
Емделіп ал,
тазарт сосын ағзаңды,
Тірлігіңде тұра бермес жаз мәңгі.
Жас арудай жасару ғой,
жасару,
Бірақ маған қолайлы емес аса бұл.
Келте көйлек,
төмен тартып етегін,
Таңырқайды маған қарап от ерін.
«Өзің үшін өмір сүру керек қой,
Білмейсіңдер
демалыстың не екенін».
Білетінім,
балам – емші,
үй – сарай,
Тыншымаймын маңдайынан сипамай.
Одан артық таба алмаспын мен, сірә,
Жан дүниемді тазартатын шипажай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері