Қараша. Қамығу – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Қараша. Қамығу» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1330
..Көкейімде бір ой бар:
Елдің жайын кім ойлар?
Жиында отыр есінеп,
Күллі ығай-сығайлар.

Шеттерінен кіл шешен,
Шеттерінен дүр көсем.
...Өз елімде жүрсем де,
Өгейсіген күн кешем...

Несібесі азайып,
Несиесі молайып,
Нән дөкейлер қағынып,
Қамығып жүр халайық.

Сөзімді кім есіткен,
«Бүліндім ме бесіктен?»
Сығалап тұр қараша,
Үлкен емен есіктен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері