Көңілалаң – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Көңілалаң» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1154
Есімде балауса кез, балапан шақ,
Жүретін өрік-мейіз, науат аңсап.
Алайда бәрімізге ұнамайтын,
Апамыз ұйқымыздан оятар сәт.

Ойын түгіл, тоймаушы ек ұйқыға да.
Үлкендерден дәметтік сый-сыбаға...
Қонақ келсе «танабау» тағушы еді,
«Жарайсың» — деп, «өлеңші, күйші бала!»

Үйдегілер сөздерін мың шығындап,
Жөнін айтса — балалар күлкі қылмақ.
Ерлік жасап жүреміз ара-тұра,
Көрші әжейдің кеппеген құртын ұрлап.

Есіме алып отырмын бүгін бәрін,
Қандай еді балалық түрің, дәмің?!
Келін боп қай жерде жүр құрбы қыздар,
Байлап кеткен партаға бұрымдарын.

Оралмас беймаза кез, балдырған шақ,
Шіркін-ай сол күнгідей мөлдір болсақ!
Әжеміз бәйек болып жүруші еді,
Дастарханға құрт пен май, тандыр нан сап.

Есейдік біз де өзінше ес кіргендей,
Ата жолдан адастық ешкімге ермей.
Жаңа күннің қызықтық жылтырына,
Кешегі естеліктер ескіргендей.

Бұл күнде құбылып тұр жегі заман,
Мазасыз күй кешуде мезі қоғам.
«Қорқамын кейінгі жас балалардан», —
Өмір аман болғанмен, көңіл — алаң...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілалаң өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Көңілалаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілалаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алмат Исәділ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілалаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері