Бойыма тәтті сезім дәнін еккен – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Бойыма тәтті сезім дәнін еккен» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1510
Алып ұшып, шарқ ұрып көңіл жүрдек,
Көп ішінде жүргенде өзіңді іздеп,
Қапелімде қақ тіліп қара түнді,
Көгімнен жұлдыз болып көріндің кеп:
Шерменде жүрек шіркін жырға оранды,
Кеудемде жаңаша бір өмір гүлдеп.
Содан бері көңілге көктем орнап,
Арманым қанат қақты көкке барлап.
Қос жүрекке ортақ бір лүпіл берген,
Тәңірім неткен шебер, неткен ардақ?!
Шын махаббат өмірде болмайды деп,
Жүріппін құр қайғырып, текке «зарлап».
Ару едің жайдары жаны неткен,
Бойыма тәтті сезім дәнін еккен?!
Жанарыңнан тараған жылы сәуле,
Жан, арымның сарайын жарық еткен.
Күлімдеп қасымда сен жүрсең ылғи,
Мен үшін төрт мезгілдің бәрі көктем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бойыма тәтті сезім дәнін еккен өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Бойыма тәтті сезім дәнін еккен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бойыма тәтті сезім дәнін еккен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алмат Исәділ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бойыма тәтті сезім дәнін еккен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері