Бұл бетте «Әке бейітінің басында» атты Бақтыбай Жайлау жазған әке туралы өлең берілген.
Асқар тау, алып нар тұлғам,
Ұланың келді артыңнан.
Өмірден мынау өзіңсіз
Өткізіп уақыт сан жылдар.
Осынау кезең ішінде
Оралып оңға ісім де,
Қол жетті талай нәрсеге
Талпыныс еткем үшін де.
Шаттыққа толы кездерім
Өзіңді талай іздедім.
Кей арман болды табысым,
Дей алман бірақ: «сезбедің».
Сәттерім де көп сүрінген,
Шарасыздығым білінген,
Бойдағы міндет салмағы
Ауырлап белім бүгілген.
Сын шығар бәлкім бұл маған,
Ол үшін артпан мұң саған.
Көшімді жүре түзетіп,
Күшімді жұмсап шыңдалам.
...Асқар тау, алып нар тұлғам,
Ұланың келді артыңнан.
Жәрдем болсын жаныңа
Аятым Хаққа айтылған.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі