Бұл бетте ««Суқұйғыштың» сыры» атты Бақтыбай Жайлау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Суқұйғыштар» жаңашыл, талап-талғамы өте жоғары, ғылымға әуес келеді. Бірақ бұл істермен айналысу барысында еріншектік жеңіп, өте баяу қимылдайды.
Жұлдызнамадан
Шынында, мен ғылымға құштармын-ақ,
Ойымда бар жаңа бір істі атқармақ.
Осы талап балалық арманымды
Мақсат етті өзіме жүктеп салмақ.
Сүрлеумен сара жолын салғандарға
Ғылыммен із жалғасам арман бар ма?
Танытып құдіретін төл тілімнің,
Үлгі етсем білгенімді әр жандарға.
Болар ем бұл ісіммен бағы басым,
Бірақ тағдыр жазған соң бағынасың.
Рас, менің бойымда жалқаулық бар,
Мұнымды мойындамау – арыма сын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі