Бұл бетте «Нұрсұлтанның өлеңі» атты Бақтыбай Жайлау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілі көсем, көкірегі қазына,
Көсіле сөйлеп отыратын жазыла
Алақаны аялы әзиз әжемді
Өмірімнің ұқсатушы ем жазына.
Қаһарлы Қыс Атам еді, жарықтық,
Желтоқсаннан жүрем ылғи танып нық.
Көр балалық көңілім бар, кезінде
Кеңесіне қала алмаған қанып түк.
Биылғы Күз Әкені еске салады,
Бұлтты аспандай сәл түнерген қабағы.
Қасқа Күздің берері мол, әйтсе де
«Қысқа жіптің күрмеуге жоқ жарамы».
Алда енді гүл кезеңі көктемнің,
Міне, бізге күлімдеп тұр көкте Күн.
Бұл Көктем Күн менің Анам екен ғой
Бәрімізге шуақ шашып, төккен нұр.
...Тірлігімнің тамыры осы төрт мезгіл,
Жұдырықтай жүрегіме еккен жыр.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі