SMS-экспромт – Бақтыбай Жайлау

Бұл бетте «SMS-экспромт» атты Бақтыбай Жайлау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1038
Сәулелі жарығы нұрдың,
Мұнарлы сағымы қырдың.
Көз тоймас көркіңді аңсап,
Мен сені сағынып жүрмін.
Күлкіңнің үйірген ізін,
Оймақтай ойылған жүзің
Еріксіз ынтызар етер
Ерітіп көңілдің сызын.
Таға алман тал бойыңа мін,
Сан арман бар ойымда бір.
Шіркін-ай, тергізсем саған
Бақыттың сарайында гүл.
Қисынға сияр дерегім,
Тек мұның қиял демегін.
Сен қалап тұрсаң ылғи мен
Жолыңа қиям керегін.
Сезімнен күдік пен кірбің
Сейілтіп үміттендірдің.
Қалқатай, қабыл алғайсың
Сен ғашық жігіттен бір жыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

SMS-экспромт өлеңінің авторы кім?

Бақтыбай Жайлау — осы өлеңнің авторы.

SMS-экспромт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

SMS-экспромт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақтыбай Жайлау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

SMS-экспромт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері