Қыр басында Ай қалғыды – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Қыр басында Ай қалғыды» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1355
Қыр басында Ай қалғыды,
Сары жалқын жайған нұры.
Қара түн кеп қамықтырған,
Жұбатады ол қай зарлыны?!
Қыр басында бөрі ұлыды,
(О да — өксікті өмір үні).
Зар-запыран шер толғауды
күңірентті жел уілі.
Қыр басында жел жылайды —
Әнге қосып солғын Айды.
Қара түннен қарғып шығып,
Жұмарлайды Жерді қайғы.
Қыр басында Ай бар ару,
(Бөрінің жел жайған әнін).
Сары нұрды — жарығымды,
Мен елес боп айналамын.
Қыр басында сес түнейді,
Түнекті жел кескілейді.
Мен ғана оны түсінемін,
Ешкім мұны естімейді.
...Таң атқанда, түн қашуда,
Түн жамылған сырды ашуға,
Сарғайып бір гүл тұрады,
Қалғып кеткен қыр басында.
Қыр басында...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыр басында Ай қалғыды өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Қыр басында Ай қалғыды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыр басында Ай қалғыды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыр басында Ай қалғыды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері