Өлең, жыр, ақындар

Ауылға баратын жолда

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1064
Жоқ бүгін баяғы құба бел,
Жолшыбай соқпайды ыстық жел.
Орманы бұл жердің нулаған,
Бұл жерде егінші қалын ел.
Студент көз алмай келеді,
Жирен ат ақырын жeлeдi.
Үлкен жол орманда
Жас бұтақ жамылған,
Студент ол маңда
Ескі ізден жаңылған.
Бұтақта құс сайрап бip тынбай,
Төменде толқиды ақ бидай.
Бұл жерде жер жаңа, ел жаңа,
Қайда екен баяғы ecкi жай?
Студент көз алмай келеді,
Жирен ат ақырын желеді
Жаңа жол орманда
Жас бұтақ жамылған.
Студент ол маңда
Ауылдан жанылған.
Көрмеді баяғы көп белді,
Алға тек алшаңдап ат желді
Бip кезде доп қуған, ойнаған
Көшеге ну орман ап келді.
Студент қайран қап тұр енді,
Ат басы қақпаға тірелді
Қақпалар орманда
Жас бұтақ жамылған.
Студент ол маңда
Ecкi үйден жанылған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәрі бар өзіміздің ортамызда оқып көр

  • 0
  • 0

Оқып көр өзімізді күнделікті,
Қай жерде доғарыпты кім көлікті?
Келеміз бәpiмiз де ұбап-шұбап,
Деспей-ақ жылағанды күлген ұқты.

Толық

Көненің көрген күні

  • 0
  • 0

Бал қымызды зереннен сарқып iшceң,
Ығысатын дау-шардың салқыны іштен
Баяғының заманы-ай!.. Өтті, кетті
Кейінгіге қыла алмай салтын үстем.

Толық

Екі елші хақында

  • 0
  • 0

Илья Жақан, Қанатбай Дүйсенбегі
Бip шындыққа күй сенді, күй сенбеді
Талай аруақ, тарлан да талай тipi
Ізетпен бұларға бас исем деді

Толық