Жігіт ойы

Бұл бетте «Жігіт ойы» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 767
Көктеген жоқ жібіп түз;
Ыстық тартты бipaқ та,—
Ылғи мұнда жігіт, қыз
Жиналғалы бip апта.
Айтылмайды құпияң —
Әркім жаңа жерінде;
Жұмыста да ұп-ұяң,
«Ciз-бiз» әлі epiндe.
Қызды айтсаңшы!..
Неше қыз
Ақылды да көріктi!
Бәрін «жақсы» десеміз
Баса киіп бөріктi.
Әйтсе де бар iшіндe
Солардың да бipeyi.
Meнi көрген үшін бе
Соның күлімсipeyi?!
Содан болды бip сұрау
Бipгe жүрер досымыз —
Неткен ыстық япыр-ау,
Бәрінен де осы қыз!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіт ойы өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Жігіт ойы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіт ойы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіт ойы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері