Бұл бетте «Алматыда, Жамбыл ақын тойында» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген.
Сильва Капутикяннан
Кең тыныстап, көк аспанның төсімен
Ұшып жеттік, достар, әрбір қиырдан.
Көк құрыштан, Лайнер бізді тездетіп,
Қауыштыру үшін дерсің құйылған.
Біздер өстік әр ұяда, жырақта,
Алуан көзде ұйып алуан таң нұры.
Әңгімеміз үйлесті, бір тұрақта
Бала күннен тербеткендей жан сыры.
Қар құйынның, құм биінің арасы —
Мызғымайтын біздің достық — асқар тау.
Ұғысар ма ек жандарындай бір үйдің,
Орыс тілі болмаса егер, достар-ау.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі