Романс – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Романс» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1281
Нүри Арслановтан

Болсаң да сен жатқа несіп,
Жар болсаң да бөгде жанға,
Мазасыз ой ерегесіп,
Келеді алып осы маңға.
Құспен бірге оянамын,
Таң нұрынан сені көрем.
Сезесің ғой ой алаңын,
Бұл сәт мені кешір, өлең!
Күшті едің, сен не қылған,
Жалындаған от махаббат!
Сен бересің өліге жан.
Өлеңге өріс, ойға қанат!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері