Алла бүркемегенді – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Алла бүркемегенді» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Алла бүркемегенді
Қастық бүркей алмайды.
Тұмшала мейлің түнек боп
Ұзаққа әсте бармайды.
Күншіл сорлы көмдім деп
Күпініп өзін алдайды,
Тәңірінің берген талайын
Тартып ешкім алмайды.
Жанып туған жұлдызы
Жарқырап шықпай қалмайды.
Біреуге мен көптің бірімін,
Біреуге ғажаппын, ірімін.
Әрсіздің, нәрсіздің бәрі — мен
Батқанға тікені тілімнің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері