Гүл көбелек – Егеухан Мұқамәдиқызы

Бұл бетте «Гүл көбелек» атты Егеухан Мұқамәдиқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3503
Жайлау қырда,
Бөлеп нұрға,
Тербеледі түрлі гүл.
Көп көбелек,
Көк көбелек,
Қызықтырған сырын біл.
Үлбіреген,
Нәзік гүлмен,
Гүл көбелек пәк көңіл.
Балалық шақ
Қызықты-ақ
Ұмытылмас тәтті өмір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері