Самалға тілек – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Самалға тілек» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1701
Сені маған тағдыр тарту еткенін,
Байқамайсың көктемім.
Күркіреген күннен кейін күлімдеп,
Көк аспаннан жеткен үн!
Жүректегі мың сан мұңмен бөліскен,
Жақсы көрем сені іштен.
Жерге қонып ап көгіне,
Қайта алмай қалған Періштем!
Үлгідейін үкілеген үр құсым,
Жарық болсын жұлдызың!
Мұң түрткілеп оятпасын түндерде,
Бөпең жылап тұрғызсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері