Ән-әннен әнге шырқау ән әсері

Бұл бетте «Ән-әннен әнге шырқау ән әсері» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1113
Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Атырдым әнге бөлеп талай таңды.
Асқақ үн, әдемі ән құшағында
Күн күліп ұясына талай барды.
Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Сырластым, аштым небір құпиямды.
Мұң шақтым, қуанышқа ортақ еттім,
Таппадым әннен өзге сырға ұстамды.
Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Жаныма әнді серік еттім мәңгі.
Ән десе көкірегімнен күй төгіліп,
Жалындап жүрегімде жыр тұтанды.
Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Атырдым әнге бөлеп талай таңды.
Асқақ үн, әсерлі ән құшағында
Күн күліп ұясына талай барды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән-әннен әнге шырқау ән әсері өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ән-әннен әнге шырқау ән әсері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән-әннен әнге шырқау ән әсері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән-әннен әнге шырқау ән әсері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері