Өлеңім

Бұл бетте «Өлеңім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1022
Өмір шіркін жел тәрізді
Құбылатын жылына мың.
Тоңсам, өлең жазамын да,
Қызуына жылынамын.
Күйсем, желпіп тағы өлеңнен
Сая табам, суынамын.
Көңіл байғұс кірлесе де,
Өлеңіммен жуынамын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері