Ұрлаттым – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұрлаттым» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 681
Сезілмес сырын ажармен
Жалғыз ауыз тіл қаттың.
Өміріме жетер азармен,
Жан тағатымды ұрлаттым.
Толқынның терең түбінен,
Жүз қайта шығып, мың баттым.
Сен қыран жырын жырладың,
Жұпарын жұтып гүл бақтың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері