Сенбедің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сенбедің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1103
Сенбедің!
Мен де сенбедім!
Қалдық үндемей,
Басталып кешеу аяқсыз қалды сөзіміз.
Ілуде бірге берілер бақыт жүлдедей,
Бәйгеге түспес қой күрең сынды езіміз...
Қайсыбір қадам қаздаңдай басып баратын,
Қайсыбір батыл жанарын жұмып табатын.
Тоғыспас тағдыр торабы осы болар да,
Қайсыбір жолшы ілесе түсіп қалатын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері