Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 2
  • 12779
Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын,
Не өксітіп кетсін деп армандаймын.
Қайғы болсын дер едім жан ашығыш, ойшылдау боп кетесің барда қайғың.

Мен өзімнің жауларыма тілемеймін елжіреп сүюді анық,
Дүниені ұмытып, күйіп жанып.
Шын махаббат малтыққан сәттеріңде шығарады сәулені қиырға алып.

Мен былайша қарғаймын, есің кетіп сүйе алма ешкімді де,
Жалғыз өткіз дөңбекшіп кеш, түнді де,
Қуана алма жаныңмен, жылай алма,
Жалғыздықпен өмір сүр шексіз бірге.


Пікірлер (2)

Вундеркинд — Джейн

Тамаша өлең

Малина

Алла сақтасын

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері